ОҚО-да туризм басқармасы құрылмақ

Алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді жүйелі түрде дамыту үшін туризм басқармасы құрылатын болады. Бұл жөнінде облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Сайрамдағы Ханқорған төбесінің маңында тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша өткен алқалы жиында мәлімдеді. Өйткені, өңірімізде Ақсу жабағылы, Қасқасу,  Сырдарияның бойы,  Шардара, Арыс, Келес, Қызылқұм секілді табиғаты көркем жерлер көп. Бұл жерлер бойынша қазірде арнайы жоспарлар жасалынып жатыр екен.«Мен қазір облысымыздағы туризм саласына үлкен көңіл бөлемін. Қазір сіздерге міне бірінші рет айтайын деп отырмын, облыста арнайы туризм басқармасын құру жайлы шешім қабылдадым. Себебі, туризм дегенді көп адамдар қыдыру деп ойлайды. Туризм қыдыру емес, туризм туристтік индустрия. Ол жеке үлкен бір сала. Себебі оның ішіне барлығы кіреді.  Туристер келу үшін қонақ үйлер керек, мейрамхана, дәмханалар, түрлі демалатын орындар қажет»,-деді Жансейіт Қансейітұлы.Сонымен қатар, өңір басшысы өз сөзінде туризмі жақсы дамыған Түркия, Германия секілді елдерді мысал ретінде айтып өтті. Бір ғана түріктердің өзі жылына туризмнің арқасында қазынасына 40 миллиард доллар қаржы түсіреді екен.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*