Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Мақтаарал ауданындағы Ш.Ділдәбеков ауылдық округіндегі Бірлік елді мекеніне барып, кәсіпкер Абыз Алиповтың ауыл тұрғындарына салып берген нысандарымен танысты. Кәсіпкердің демеушілігімен ашылған спорт нысанының жақында ғана лентасы қиылған болатын. Мұнда Бірлік ауылының жастары бір уақытта спорттың көптеген түрімен шұғылданып жаттығуларына мүмкіндіктері бар. Атап айтқанда жастар мұнда волейбол, баскетбол, футбол секілді спорт түрлеріне машығады. Спорт нысанында 150 адамдық көрермендер орнымен киім ауыстыру бөлмелерімен жабдықталған. Ғимаратты салуға кәсіпкер 10 миллион теңге жұмсаған. Өз сөзінде кәсіпкер келешекте су спорты кешенін салынатындығын да атап өтті. Сонымен қатар, ісмер азамат А.Алипов ауылдағы жағдайы төмен отбасыға нөлден бастап 5 миллион теңгелік жаңа баспана салып берген. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын арқау еткен кәсіпкер аз уақыттың ішінде «Бірлік» ауылының кіреберісіне қақпа да тұрғызып беріпті.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралда жастар арасында шахматтан жарыс өтті
Мақтарал аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар — Қазақстанның интеллектуалды болашағы» атты шахматтан аудандық турнир болып өтті.Жарысқа Жетісай, Асықата, Атакент, Мырзакент өңірлерінде өткен іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қатысып, […]
Мақтааралда мақтаны суғаруда қашыртқы кәріз суларын фосфогипс енгізу арқылы пайдалану технологиясы сынақтан өтіп жатыр
Мақтарал ауданының суармалы жерлеріне жер асты және қашыртқы кәріз суларын фосфогипс енгізу арқылы пайдалану технологиясын ғалымдар бірнеше айдан бері «Кетебай» кооперативінде сынақтан өткізіп келген. Сынақтан өтіп жатқан технологияның басты мақсаты — суармалы жерлердің құнарлығын сақтай […]
Мәжіліс депутаты Мақтааралға барды
Мақтааралдағы Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институты жаңалықтарын өңірге барынша кеңінен ендіру үшін мемлекет тарапынан берілетін қолдауларды көбейту мәселесін айтқан ғалымдар мәжіліс депутатынан көмек сұрады. Өз кезегінде Құдайберген Ержан бұл мәселені Парламентте көтеріп шешіп беруге […]
Пікір қалдыру