ОҚО әкімі мақта теру науқанымен танысып қайтты

ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев – Қазыбек би ауылдық округіне қарасты «Ә.Оспанов» елді мекеніндегі тік дренаждың жұмысымен танысты. 57,6 метр тереңдікте орналасқан нысан 2013 жылы іске қосылған. Тоқтап тұрғандағы су өлшемі 1 метр болса, жұмыс істеп тұрғандағы су өлшемі 12 метрді құрайды. Аманкелді подстанциясынан энергия алатын тік дренаж «ЭЦВ-12-210-15» атты насосбен жұмыс істейді. Жалпы, ауданда 731 тік дренаж болса, оның 300-і республикалық меншікте. Республикалық меншіктегі тік дренаждардың 260-ы жұмыс жасайды. Жалпы, Мақтарал ауданында тік дренаждар мен коллекторлық жүйелер толықтай қалпына келетін болса, жердің тұздану мәселесі шешіліп, топырағының құнарлығы бірнеше есе жоғарылайтын болады.Мұнан соң, облыс әкімі Мақтарал ауылдық округіндегі «Жарқын» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. 92,2 гектар жерді жаратып жатқан қожалық 12 адамды жұмыспен қамтыған. Орташа жалақылары 47 000 теңге. 2017 жылы 72,2 гектарға күріш, 15 гектарға мақта дақылы егілген. Сондай-ақ, Ж.Түймебаев дәл осы ауылдық округтегі «Бағдат» шаруа қожалығындағы мақта жинау науқанына куә болды. Жер көлемі 287,5 гектарды құрайтын қожалық биыл 187,5 гектарға мақта дақылын еккен. 36 адам жұмыспен қамтылған және 30-ға жуық техникалары бар. Осылардың арқасында биыл мол өнім алып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*