ОҚО әкімі Мақтааралдағы «Қазақ мақта шаруашылығы» институтының жұмысымен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, Атакент кентіндегі «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми зертету институтында болды. Мақта шаруашылығындағы ғылыми-зерттеулерді дамыту арқылы отандық бәсекеге қабілетті мақтаның жаңа сорттарын шығару, мақта өндірудің тиімділігін, инновациялық технологияларды өндіріске ендірумен Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары айналысып, бірқатар жетістіктерге жетті.Мырзашөл өңіріндегі мақта 12 орта талшықты, сыртқы ортаның қолайсыз факторларына төзімді екенін айта кету керек. Оның үстіне өнімділігі де гектарына 5-6 центнерге жоғары сорттары шығарылды. Ал, оларды атап айтар болсақ, 7-еуі (ПА-3044, Мақтаарал-4005, ПА-3031, Береке-07, Мақтаарал-4007, Мақтаарал-4011, Мырзашөл-80) аудандастырылған.

Қазіргі таңда, өндіріске отандық 5 мақта сорты енгізіліп отыр. Сонымен қатар, Институт ғалымдары әзірлеген мақта қозасын баптаудың қарқынды технологиясы 58,3 мың гектар мақталық егіс көлемінде енгізілгенін де айта кеткен жөн. Мұнан өзге, топырақты 55-60 см терең қопсыту технологиясы 57,0 мың гектар жрге ендіріліп отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*