Мархабат Байғұт: «Ыстықтаудың» реті жоқ

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың айтқан уәжіне қатысты Оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері өз пікірлерін білдірді.

«Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың елдегі президенттік сайлауда қазақ-қырғыз елдерінің тату көршілігіне сызат түсіріп, ағайындық қатынастарға зардабын тигізетін мәлімдеме жасауы ел басшысы үшін өрескел әрекет болды, әрине. Дегенмен, дәурені өткен Атамбаевтың сөзі үшін «ыстықтаудың» еш реті жоқ. «Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың спекуляциялық үндеулеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының үкіметі қазақ-қырғыз ынтымақтастығын және стратегиялық серіктестігін белсенді түрде кеңейтіп, нығайтады», — деген Қазақстан Үкіметі басшысының Бақытжан Сағынтаевтың орынды пікірімен құптаймын. Біз қырғыз еліндегі сайлаудың бейбіт жолмен, ың-шыңсыз өткенін қалаймыз. Сайлау қорытындысында жеңген кандидатпен дұрыс қарым-қатынас орнату, алдағы 15-20 жылға стратегиялық көкжиектерімізді айқындап алу – алдағы тұрған міндет» дейді жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» және «Түркі әлеміне қызметі үшін» сыйлықтарының лауреаты Мархабат Байғұт.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*