Мекемтас Мырзахметұлы: «Киіз сатсаң – көршіңе сат…»

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың айтқан уәжіне қатысты Оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері пікір білдірді.

«Қырғыз елі – Жаратқанның өзі о баста көрші етіп қойған, Қазақстан үшін аса маңызды мемлекеттердің бірі. Қазақта «Киіз сатсаң – көршіңе сат, бір шетінде өзің отырасың» деген мақал бар. Сол себепті көрші елдің ұтылып, ыдырауынан, бүлінуінен бізге ешқандай пайда болмасы анық. Егер Қырғызстанда Ауғанстандағыдай ахуал қалыптасса, оның зарар-зардабы бізді де шарпитыны анық. Ендеше, қырғыз еліндегі сайлаудың бейбіт жолмен, төңкеріссіз, айқай-шусыз өткенін тілейік. Жасыратыны жоқ, қазақ элитасы қырғыз ағайындарға жоғарыдан қарап, қайсыбір жылдардағы елдегі саяси ахуалды «ақымақтау, дарақылау бауырларымыздың тірлігі» деп айыптауымыз, даттауымыз қырғыздың қазаққа деген көзқарасын жақсартқан жоқ. Сол себепті қазақ элитасы өзінің менмендігінен арылып, бауырлас халыққа деген стратегиялық көзқарастарды өн бойына дарытуы тиіс» деді Абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік және халықаралық «Түркі әлеміне қызметі үшін» сыйлықтарының лауреаты Мекемтас Мырзахметұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*