ОҚО әкімі Түркістанды туризм орталығы ретінде дамыту концепциясымен таныстырды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, Сайрамдағы Ханқорған төбесінің маңында тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша өтетін алқалы жиығда келген археолог ғалымдар мен сәулетшілерге, ақсақалдарға Түркістанның даму коцепциясын көрсетті. Өңір басшысының айтуынша, киелі Түркістан шаһары айналасында тарихи-ескерткіштерден құралған туристтік аймақ құрылмақ.«Болашақта Түркістан аймағы құрылады. Атап айтқанда Түркістанның төменгі жағында Арыстанбаб, мына жағында Отырар, тау жақта Үкаш ата, жоғарғы жағында Сауран, бір жағында Оқсыз. Сонда осы бес үлкен тарихи ескерткіш болған қалашықтардың ортасында Түркістан болады. Осында келген туристер айналып жүре береді».Яғни, оңтүстіктегі тарихи орындарды тамашалауға келген туристер жүріп өтетін арнайы маршруттар сызылып жатыр. Болашақта сол жол бойындағы көне қалашықтарды қайта қалпын келтіріп, ашық аспан астындағы музейге айналдыру көзделіп отыр. Тіпті, археологтар қазба жұмыстарын жүргізіп, табылған жәдігерлермен бұл қалашықтардың құндылығын арттыру да көзделіп отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*