Ж.Түймебаев: Туризмдегі еңбасты мәселе тек тарихи орын емес, туристер келген кезде оларға ыңғайлы жерлер болуы керек

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сай, өңірдегі бірнеше тарихиа орындарды дамыту жоспарымен таныстырды. Ондай жерлерге әйгілі көне Отырар қалашығы, Арыстанбап пен Ордабасы биігі де кіріп отыр.«Туризмдегі еңбасты мәселе тек тарихи орын емес, туристер келген кезде  оларға ыңғайлы жерлер болуы керек. Нақтырақ айтқанда, адам тоқтап демалатын, су ішетін, кәдесыйлар сатып алатын жерлер. Міне Отырарға кіреберіс, шығаберіс жерлерге осындай нысандар салу жоспарда бар. Солар болашақта Отырар мен Арыстанбабта жасалынатын болады» дейді өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы.Сонымен қатар, алдағы уақыта Ордабасыға кіргенде үлкен алаңдар болатын көрінеді. Себебі, Ордабасы қорығының аумағы 1170 гектарға жетеді. Қазіргі таңда, төбенің ең биік жерінде стелла тұр.Сол стелланың атырабының барлығын жақсылап абаттандыру көзделіп отыр екен. Болашақта, халқымыз, ұрпақтарымыз осында келіп тағзым ететін жерге айналдыру жоспарлануда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*