ҚСЗИ ОҚО өкілдігінің латынға қатысты эксперттік пікірі

Тіл – бұл ұлттың генетикалық коды, оның таңбалануына байланысты реформаны жүргізу барынша байыптылық пен ұқыптылықты талап етеді.Бұл мәселені ел болып талқыға салу, кәсіби тұрғыда зерделеу, тіл мамандары мен халық арасына салу барлық сын-ескертпелерге құлақ түріп, барлық жағынан тиімді нұсқасын қабылдауға мүмкіндік береді.

Жуырда ғана таныстырылған қазақ әліпбиінің латын графикасындағы бірыңғай стандарты – соңғы шешім болып табылмайды, ол танып-білуге, қосымша ұсыныстар енгізуге арналған нұсқасы. Үрдісті барынша саясиландырмай жүргізу, жүйелілікті сақтау, прагматизмді ұстану, кезең-кезеңімен іске асыру – табысқа жетелейтін бағыттар.

Оңтүстік Қазақстан облысы – ұлт уызына баланатын өлке, ұлттық құндылықты әспеттейтін баршамызға ортақ істе өзіндік үлес қосуда, ең бастысы, мәселені кәсіби тұрғыда қарастыруға мүмкіндік жасап отыр. Жаңа әліпбиді талқылау, латын графикасына өтудің технологиялық үрдістері студенттік аудиторияларда, педагог-ұстаздардың ұжымдарында кеңінен талқыланып, барлық жинақталған ұсынымдар мен өтініштер ғалым-филологтар және Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты өкілдерінің қатысуымен өткен кәсіби алаңда зерделенді.

Ағылшын және орыс тілді лингвистикалық ортада өздерін жайлы сезінетін оңтүстікқазақстандық жастар мемлекеттік тілдің латын графикасына өтуін позитивті бағалайды. Мұны тіл мамандары мен ғалым-филологтар кәсіби тұрғыда растап отыр.

Бұл мәселеде қазақ әліпбиінің латын графикасына өтуі ең алдымен жас буынға әлемдік ақпараттық кеңістікке табысты әрі бәсекеге қабілетті болып кірігуі және Қазақстанның әлемдегі 30 үздік дамыған елдердің қатарынан көрінуі үшін қажетті қадам деп тұжырым жасауға болады.

Орманов Бектай Нұртайұлы-ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ОҚО өкілдігінің басшысы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*