ОҚО-да 60 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат әлеуметтік көмек алған

Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар күні қарсаңында №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қосымша 110 орындық ғимараты пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Ж.Түймебаев арнайы қатысып, мекемеге теледидар сыйға тарту етті. Өңір басшысы ерекше күтімді қажет ететін жандарға  әлеуметтік қолдау көрсету үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен 9 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінетіндігін айтты.«Жылдан жылға мүмкіншілігі шектеулі жандарға  деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қабылдап келеді. Үкіметіміздің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кедергісіз кеңістік шаралары аясында атқарған шаралары да аз емес. Осы жылы заманауи үлгіде салынған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі қатынау бөлімшесі ашылды. Онда, 32 мүмкіндігі шектеулі балалар арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылуда. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында биыл 219 нысан бейімделді. Бұдан бөлек, 8 мыңнан астам азамат санаторлық-курорттық жолдамамен, 2 мыңға жуық қоларбамен, 40 мың адам техникалық көмекші және гигиеналық құралдармен,  9 мыңға жуық азамат арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған»,-деді әкім.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*