Шымкентте әлеуметтік қызмет көрсету орталығына қосымша жаңа ғимарат берілді

Шымкентте  ашылған орталықта 18 жастан асқан  психоневрологиялық аурулары бар І және ІІ топ мүмкіндігі шектеулі азаматтар арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етіледі. Үш қабатты ғимаратта дәрігер кабинеті мен стаматолог, гинеколог дәрігерлерінің кабинеттері мен кезекші медбикелер бекеті, тынығу бөлмесі, ем қабылдау бөлмесі бар. Осы күні Ж.Түймебаев дендро саябақта «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар күніне» арналған  салтанатты  шараға қатысты. Онда әкім мүмкіндігі шектеулі жандар жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалап, арнаулы орталықтардың емделушілері мен облыстық филармония әншілері ұсынған  концерттік бағдарламаны көрді. 

 

Бүгінгі таңда облыста мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны 119 мың адамды құрайды. Оның 15  мыңнан астамы созылмалы жүйке ауруларына шалдыққан жандар. Бүгінде осы санаттағы  жасы 18-ден асқан мүгедектің 1268-і  басқармаға қарасты төрт ересектерге арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін Орталықтарда толығымен мемлекет қамқорлығына алынып,  кешенді қызметтермен қамтылуда.

Жоғарыда аталған мүмкіндігі шектеулі жандардың 40 мыңға жуығы еңбекке қабілетті азаматтар. Осы ретте, еңбек жарамды тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді. Нәтижесінде 526 адам тұрақты жұмысқа орналастырылса, 633 адам уақытша жұмысқа жолданды. Ал 226 мүмкіндігі шектеулі азамат қайта даярлау қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға жіберілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*