Арыста «дәстүрлі атау-заман талабы» тақырыбында жиын өтті

Арыс қаласының әкімдігінің кіші мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевтың төрағалық етуімен ономастика жұмысшы тобының отырысы өтті.
Жиынға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары бөлімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшылары мен қызметкерлері, жұмысшы топ мүшелері, ауылдық округ әкімдері, ономастикаға жауапты мамандар қатысты. Арыс қаласы облыстық маңызы бар қала екендігі белгілі. Жалпы атап айтқанда Шымкент, Арыс, Түркістан, Кентау қалаларында объектілер, білім мекемелері, ауылдық округ, елді-мекен, көшелерге, атау беруге тиесілі әкімшілік-аумақтық бірліктердің барлығының құжаттану заңдылығы аудандарға қарағанда ерекшелігі бар екендігі жөнінде талқыланды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасына сәйкес, еліміздегі ономастикалық атауларды ретке келтіру және тарихи атауларды жаңғырту мақсатында идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыру, сондай-ақ объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне кісі есімдерін беруді түбегейлі шектеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Арыс қаласындағы атауы жоқ көшелерге тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту туралы пікірлер айтылып, Арыс қаласындағы атауы мекенжай тіркелімі базасына енген, расталған көшелерді құжаттандырып заңдастыру жұмыстарын жүргізу, атауы жоқ көшелерге және Көктем 2, Тараз 2, Оңтүстік 2, Отырар 2, Арыс, Барыс шағын аудандарына дәстүрлі атаулар ұсынылды.
Бүгінгі талқылаудан кейін Арыс қалалық мәслихатының регламентіне сәйкес, Арыс қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауы бойынша жиналысы 2017 жылы 24 қазан сағат 11.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтетіндігі хабарланды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*