ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР БАҒЫТ

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне өту керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.Осы орайда, Арыс қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ә.Жангелдин және №11 Б.Момышұлы жалпы орта мектептерінің оқушылары және орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлерімен жиын өтті.
Жиын барысында Тілдерді оқыту және дамыту орталығының қазақ тілі оқытушысы З.Досымбекова, Абай жалпы орта білім беретін мектеп — интернатының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қ.Әуезова және Ә.Жангелдин жалпы орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Л.Ілиясовалар баяндама жасады.
Аталған жиында ұстаздар мен оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, Мәңгілік ел мұратын тұғырлы ететін тарихи таңдау жасалды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*