Ордабасыға 7 айда 3 миллиард инвестиция тартылған

Биылғы жылдың 7 айында ауданға тартылған инвестиция көлемі 3 млрд. 753 млн. теңгеге жетіп, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147,5 пайызды құрады.
Ауданда 57 жобаға бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыс жүргізілуде.АУЫЗ СУ: Бүгінгі таңға 57 елді мекеннің 39-ы тәулігіне 24 сағат құбырлы ауыз сумен қамтылған, 18 елді мекен тұрғындары құдық суын пайдаланады немесе халықтың 89,7 пайызы құбырлы ауыз сумен қамтылған. Аудан бюджеті есебінен 1 елді мекеннің ауыз су жүйесі жөндеуден өтіп, 3 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жобалық сметалық құжаттамалары дайындалып, қазіргі таңда сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық бюджет есебінен Спатаев ауылына ауыз су құбыры құрылысы жүргізілуде.
Газдандыру: “Бейнеу-Шымкент” магистралды газ құбырынан Темірлан елді мекені арқылы Арыс қаласына дейін тартылатын газ құбырын салу құрылысы» жобасын осы жылы аяқтау жоспарлануда. Қосымша 33 елді мекенге сәулет жоспарлау тапсырмасын әзірлеуге қажетті сәйкестендіру құжаттарын алу үшін жұмыстар жүргізілуде.
Электр энергиясы: 2017 жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС–нің инвестициялық бағдарламасы аясында қосалқы станциясынан шығатын ұзындығы 38,101 шақырым электр желілерінің сымдары, 894 дана ағаш бағаналары жыл соңына дейін ауыстырылады. 
Жол жөндеу: 2017 жылға жалпы ұзындығы 37,9 шақырым ішкі көшелерге орташа және 30,1 шақырым ішкі көшелерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу үшін қаржы қаралды. «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында ауыл округтердің ішкі көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*