«Туған жер-алтын бесігім» облыстық фестивалі аясында Төле би ауданының Шымкенттегі күндері өтті

Шымкент қаласында «Туған жер-алтын бесігім» атты облыстық фестиваль аясында Төлеби ауданының күндері өтті. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мен Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына орай ұйымдастырылған фестивалға 600-ге жуық төлебилік өнерпаз қатысты онға жуық іс-шара ұйымдастырылағынанын да айта кету керек.         СОнымен қатар, Шымкент қаласындағы Әкімшілік іскерлік орталығында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің дәстүрлі «Алтын күз – 2017» жәрмеңкесінен бастау алған шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты.         Онда өңір басшысы,  гобелен өнерінің қас шебері Қ.Тыныбековтың 70 жылдығына арналған қылқалам, қолөнер шеберлерінің көрмесін, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін және «Төле би барысы» облыстық ашық турнирін тамашалады.

Бірнеше айға созылған «Туған жер — алтын бесігім» атты облыстық өнер фестивалі Шымкентті думанға бөлеп жатқанын айтқан әкім, фестивалді жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан барша азаматтарға алғысын жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*