Шымкент қаласында дәстүрлі жалпы қалалық «13 аймақ» — Бірге болсақ, бәрі мүмкін!» атты жүгіру марафоны өтті

Шымкент қаласында дәстүрлі жалпы қалалық «13 аймақ» — Бірге болсақ, бәрі мүмкін!» атты жүгіру марафоны өтті. Салауаттыөмірсалтыменбұқаралықспорттынасхаттаумақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев пен «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық бөлімшесінің төрағасы Өмірзақ Мелдеханов, сондай ақ әкімдік қызметкерлері мен кәсіпқой спортшылар және қала тұрғындары жалпы саны 5 мың адам қатысты.  Биыл жүгіру жолының ұзақтығы жартылай марафонға дейін ұзартылды. Ұйымдастырушылар «Kasiet» фитнес-клубы мен «13 регион» командасының айтуынша, бұл қадам марафонның болашақта жалпы қазақстандық және халықаралық спорт күнтізбесіне енгізілуі үшін жасалып отыр. Ең алыс қашықтық — 21,1 шақырым. Дегенмен, өзінің мүмкіндігін жаңадан сынап көрушілер үшін 5 және 10 шақырым жарыс жолы сақталды.Қонаев даңғылынан Бəйдібек би даңғылы бойымен Наурыз алаңына дейінгі бірінші қашықтықты облыс әкімімен бірге барлық жастағы 3 мыңнан астам қатысушы оңай жүгіріп өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*