Шымкенттегі марафонға 5 мыңнан астам адам қатысты

Денсаулық – баға жетпейтін асыл дүние екенін айтқан облыс әкімі барша оңтүстікқазақстандықтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.  «Бүгінгі дәстүрлі жалпы қалалық жүгіру марафонына қатысып, бұқаралық спорттың дамуына үлес қосып жүрген қала тұрғындары мен жастарға алғыс айтамын. Өмірімізге қауіп төндіретін зиянды заттардан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануымыз қажет. Бүгінгі 5 мың адам қатысқан марафон осының айғағы. Осы қалыптан таймай бұқаралық спортты дамытуға үлес қосып, оны кең дәрежеде насихаттайтын болсақ 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен шұғылданушылардың санын 30 пайызға жеткіземіз, ал осы жылы 26 пайызға жетеді деп жоспарлануда»,-деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.Мұнан соң, аймақ басшысы жарыстың ең жас және ең ересек қатысушылары мен жеңімпаздарын марапаттады. Жарыста 9 жас ерекшелігі бойынша 32 спортшы жеңімпаз атанып, облыс əкімінің алғыс хатымен жүлделі сыйлықтарға ие болды. Айта кетейік, ерлер арасында 21 шақырым қашықтықта 19 жастағы №39-шы Ғалымжан Жұмабаев мәре сызығын бірінші болып басса, әйелдер арасында ең бірінші болып 225-ші номердегі 34 жастағы Ақмарал Мейірман келіп жетті.Дәстүрлі шара Наурыз алаңындағы концертпен аяқталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*