Айдос Сарым: Шымкентке шынайы реформа керек

Есімі елге белгілі саясаттанушы Айдос Сарым, 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанатын Шымкент қаласы жайлы өз ойын ортаға салды. Айтуынша, шым шаһардың экономикада анағұрлым ілгері шығуға мүмкіндігі мол екен.

суреттер matrica.kz сайтынан алынды

«Алматыда 2,5 млн халық тұрады. Бірақ бір зауыты жоқ, картоп егетін жері жоқ. Еліміздің 25-30 пайыз байлығын құрап отыр. Шымкенттің экономикасы көлеңкелі. Сондықтан кедейшілік. Шымкентке шынайы реформа керек. Ләббай, әке-көкемен алысқа бармайды. Алматыны басып озатын мүкіндігі бар. Шымкенттен Астанаға бір сағатта ұшып баруға болады, Ташкентке бір сағатта көлікпен жетуге болады. Бұл өте жақсы мүмкіндік. Алматтағыдай бәсекелестік болса, 21 ғасырдың үлкен мегаполисіне айналдыруға болады. Аймаққа жұмыс істеу керек. Республиканың 97 пайызы деген – кез келген әкім үшін ұят. Мықты әкімсің ба, жергілікті бизнестен жиналатын салықты өсіріп, республикадан алатын салықты жыл сайын бір пайызға төмендетіп отыру керек. Қазір кез-келген әкім халықтан емес, Астанамен жақсы болуға тәуелді. Шымкент гүлденсін деген әкім әрбір кәсіпкерге қызмет ету керек. Кәсіпкер деген ол үшін бар, анда монша сал» дейтін құл болмау керек. Керісінше, оған тиіскіш әкімнен, басқасынан қорғау. Біз мұнай таусылып жатқан дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Бізде бір ғана энергия бар. Ол – халықтың энергиясы» деді ол.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*