ОҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасымен көпқабатты 364 тұрғын үй салынуда

Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасымен көпқабатты 364 тұрғын үй салынуда. Бүгін бұл туралы селекторлық мәсіжілісте облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті. Басқарма басшысының айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы негізгі 5 бағытта жүзеге асырылып жатыр. Оның алғашқысы – ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру жобасымен 96 тұрғын үйдің құрылыс басталған. Ал жеке құрылыс салушылар есебінен 107 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі арқылы 73 кередиттік тұрғын үй салынуда. Бұдан бөлек, жалға берілетін тұрғын үй қоры құрылып, 88 жеке тұрғын үйдің құрылысы қолға алынатын болады. Осының нәтижесінде өңірде сатылатын пәтерлер саны көбейіп, ипотекалық кредит алушылар саны арта түспек.  «2017 жылы облыста 16 жеке салушылар есебінен 107 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы 11 үйдің құрылысын аяқтап пайдалануға тапсыру жоспарланса, 96 үйдің құрылысы 2018 жылға өтпелі. Жеке құрылыс салушыларды ынталандыру мақсатында жалпы құны 17,5 млрд. теңгені құрайтын 7 жобаны іске асыру үшін құжаттар әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда», — дейді Құттыбек Жамашеев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*