ОҚО әкімі құрылысы кешеуілдеген мектептердің мәселесін май шаммен қарады

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өткен жиын барысында облысымызда құрылыс жұмыстары кестеден кешеуілдеп жатқан мектептердің де жай күйі сөз болды. Бұл ретте Шымкент қаласындағы «Таскен тұрғын алабындағы №103 орта мектебіне 600 оқушы орындық жаңа оқу блогын салу» нысаны бойынша қаржы жоспарға сәйкес 100 пайыз игерілген. Алайда, Б корпусының құрылысында 10-15 күн өндірістік кестеден кешігу байқалады.

Сонымен қатар, орындалған жұмыс көлемінің жоқ болуына байланысты есепті кезеңге жоспарланған 650 млн. теңгенің 66 млн. теңгесі игерілмеген. Сондай-ақ Қазығұрт ауданы Қызылсеңгір елді мекеніндегі 300 орындық орта мектептің А блогының құрылыс жұмыстары бекітілген өндірістік кестеден 5-10 күн шамасында кешігуде.  Дәл осындай кемшілік Мақтарал ауданы Фердауси ауылындағы Фердауси атындағы 600 орындық мектеп пен Ордабасы ауданы Шұбар су ауылындағы 600 орындық білім ұясының құрылысында да қайталанып отыр. «Мектеп құрылысын кестеден кешеуілдеткендер жауапқа тартылады. Осы ретте құрылысы жұмыс кестесінен кешеуілдеп жатқан мектептердің құрылыс жұмыстарының уақытылы және сапалы жүргізілуіне бақылауды күшейтуді, жыл қорытындысымен ағымдағы жылға жоспарланған жұмыстарды толық орындау арқылы, қаражыларды тиімді игерілуін қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Жиынды қорытқан өңір басшысы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлер мен Ұлттық қор қаржысы есебінен бой көтеріп жатқан мектептердің құрылысын мерзімінде аяқтауды қадағалауды аудан, қала әкімдеріне тапсырды. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*