Ж. Түймебаев: «Облысымызда жер қойнауын заңсыз пайдалануға жол берілмеуі керек»

Облысымызда жер қойнауын заңсыз пайдалануға жол берілмеуі керек. Осы ретте заңсыздықтарды қадағалауға тиісті жергілікті полиция қызметінің жұмысын ширатуды тапсырамын. Бүгін бұл туралы селекторлық мәжілісте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.  

«Жер қойнауын заңсыз пайдалануды тоқтату және келісім шарт бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы» облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Иляс Құрамысов баяндама жасады. Басқарма басшысының айтуынша, соңғы жылдары Сайрам ауданы арқылы өтетін  «Ақ су», «Сайрам су» өзендерінің жағалауларында заңсыз жер қойнауын пайдаланулану фактілері жиі тіркеліп отыр.

«Бірінші кезекте Сайрам ауданы Ақсу өзені бойындағы 12 кәсіпорынға тексеру тағайындалып, жер учаскелерінің нысаналы мақсатқа сай пайдаланбағаны анықталды. Одан бөлек, тұрақты түрде рейдтік шаралар ұйымдастыру кезінде биыл 15 дерек фактіні анықтадық. Жалпы, ішкі істер органдарында ағымдағы жылы жер қойнауын заңсыз өндіру бойынша  80 дерек тіркелді. Оның ішінде   41- іс өндірістен қысқартылса, 4 — іс өндірісте, 32 — іс әкімшілік шара көру үшін облыстық экология департаментіне жолданған.  Экология департаменті тарапынан 20 заңды және жеке тұлғаға – 2,7 млн теңге айыппұл салынды. Оның өндірілгені 1,93 млн теңгені құрайды», — деді  Иляс Құрамысов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*