ОҚО әкімі жер қойнауын заңсыз пайдалануға жол берген жауаптыларға тәртіптік шара көруді тапсырды

2017 жылдың сәуір айынан бастап ОҚО-дағы Сайрам ауданында 12 нысан  тексеріліп, заң бұзушылықтарды жою жөнінде берілген нұсқамалардың 3 айлық мерзімі өткенімен, бүгінгі күнге кәсіпорындарға нақты шаралар қабылданбаған.   Бір қызығы, бүгінге дейін облыс бойынша бірде — бір заңсыз жер қойнауын пайдаланушы қылмыстық жауапкершілікке тартылмапты. Себебі,  келтірілген зардап 1000 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, әкімшілік жауапкершілік  шегінде қарастырылады.«Облыста 166 заңды жер қойнауын пайдаланушыларға келісім шарт берілген болатын.  Солардың тек 65-ғана жер учаскелері карьер ретінде рәсімделген, ал қалған 101 жер учаскесі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер есебінде тұр. Жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан жер учаскесін пайдалану заңдылығын және жер учаскелерінің құқық беру құжаттарының заңдылығына басты назар аударып, тексеру жұмыстары жүргізілсін», — деді Жансейіт Қансейітұлы. 

Өңір басшысы жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілерін алдын-алу немесе жою жұмыстарын бәсеңдеткені үшін салаға жауапты қызметкерлерге қатаң тәртіптік шара көруді тапсырды. Осы ретте ауыл округтерінің әкімдері мен учаскелік полицияның қызметіне сәйкестігі тексерілетін болды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*