ОҚО әкімі көшбасшы жастармен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев «Жас Отан» Жастар қанатының ІV Съезі аясында «Жастар Отанға!» саяси лагеріне арнайы қатысу үшін келген көшбасшы жастармен дөңгелек үстел басында кездесті.Кездесуге республикалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Д.Сүндетбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғамы министрлігінің дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы директорының орынбасары Тұрар Әбуов, Қазақстанның эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас, журналист, тележүргізуші  Асхат Садырбай, Гарвард бизнес мектебінің түлегі, «Болашақ» қауымдастығының мүшесі   Данат Жумин, 22 жеңіліссіз жекпе жек өткізген кәсіпқой боксшы Жанхош Тұраров, «Global Business Forum» ұйымының директоры Әсел Сыдықова, бірқатар облыстардағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағалары қатысты.

Еліміздегі жастардың басым көпшілігі яғни, 800 мыңдай жастар тұратын Оңтүстік өңірінде «Жастар Отанға!» саяси лагерінің өтуі облыс жастары үшін өте маңызды екенін айтқан аймақ басшысы, еліміздің ертеңі жастарға ағалық ақылын айтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*