ОҚО-да «Ескі қалашық» пен «Арбат» жобасы жүзеге асады

Шымкент қаласында алдағы жылы жаяу жүргіншілерге арналған «Арбат» жобасы мен ескі қалашық кешені жүзеге асырылатын болады. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Еркін Жүсіпов мәлім етті.  Бұдан бөлек, облыс әкімінің бастамасымен «Ордабасы» мемориалдық тарихи-мәдени кешені маңында үш бидің ескерткіші орнатылып, «Қазығұрт» тарихи-этнографиялық кешені бой көтеретінін де айта кету керек.   Сонымен қатар, облыстық Сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының айтуынша, 2017 жылдың 9 айында облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы 393 млн. 978,3 мың теңгені игеріп отыр. Бұл қаржыға биыл Арыс қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізіліпті. Сондай-ақ, Шымкент қаласының бас жоспарын өзектендіру (актуализация) жобасы даярланған. Мұнан өзге, «Қарашаш ана», «Ибраһим ата», «Қызыр Пайғамбар», «Әбдел Әзиз баба», «Мірәлі баба» кесенелері мен «Көне Отырар» сәулеттік жобасын абаттандыру, жаңғырту мақсатында жобалар даярланған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*