ОҚО әкімі діни конфессиялардың басшыларымен кездесті

18 қазан – Рухани келісім күні. Осы даталы мерекеге орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі бір топ  діни конфессиялардың басшыларымен кездескенін айта кету керек. Шара барысында тараптар өзара пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылады.Кездесуде барысында сөз алған өңір басшысы Жансейіт Қанмсейітұлы мерекенің маңыздылығына тоқталып, облысымыздағы діни конфессиялардың өзара ынтымақ-бірлігі жайлы және қоғамдағы рөлін сөз етті.«1992 жылы 18 қазан күні Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің 1-ші сессиясы өткен болатын. Сол конгресте  қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау туралы манифест қабылданған-тын. Содан бері жыл сайын біздің елімізде 18 қазан — Рухани келісім күні  мерекесі аталып өтілуде. Елбасының сарабдал саясатының арқасында бүгінде еліміз әлемге ынтымақ пен бірлігі жарасқан, коп конфессиялы мемлекет ретінде танылып отыр», — деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*