ОҚО-да ТЖ қызметкерлеріне 35 жана өрт сөндіру көлігі тапсырылды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында 19 қазан – Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар қызметінің құрылған күніне орай, ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне 35 жаңа өрт сөндіру көлігі тапсырылды.Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев барша сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, өрт сөндіру қызметкерлеріне көлік кілтін салтанатты түрде табыстап, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарған бірқатар азаматтарды марапаттады.«Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер еліміздің қауіпсіздігін, төтенше жағдайларда адамдардың өмірі мен мүлігін қорғап, азаматтарға әрқашанда жәрдем беріп келуде.  Биыл Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 22 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс және республика көлемінде орын алған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға өз үлестерін қосты. Осындай ерлік пен еңбектеріңіздің арқасында «Қазақстандық құтқарушы» мәртебесіне ие болған баршаларыңызды бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және қызметте жетістік пен табысқа жетулеріңізге тілектеспін»,-деді әкім.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*