Күлмира Асанқызы: Латын әліпбиіне көшу біздерді өркениетке жетелетін тиімді әрі оңтайлы жол

Оңтүстік Қазақстан облысында білім саласының қызметкерлері семинарда бас қосып, латын әліпбиіне көшу мәселесін кеңінен талқыға салды.

«Бүкіл қоғам болып талқылап жатырған мәселені білім ұясының ұстаздар қауымы мен мектеп шәкірттері «дөңгелек үстелде» талқылаған тұста, жастарымыздың осы мәселеге қатысты айтқан ұтымды да тұщымды ойлары менің жаныма алаш рухын сезіндіргендей болды. Жалпы айтқанда, латын әліпбиіне көшу біздерді өркениетке жетудің тиімді әрі оңтайлы жолына жетелейтіндей көрінеді».- дейді Т. Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гиназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күлмира Асанқызы.

Айта кетейік, 9 қазан күні Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездескен болатын. Жиында Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды. Ескерке кететіні, бұл ұсынылған соңғы үлгі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*