Болат Тілеубердиев: Қырғызстандағы саяси жағдай тұрақталады деген сенім мол

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың айтқан уәжіне қатысты Оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері пікір білдірді.

«Жалпы, Қырғызстанның жаңа президенті екі ел арасындағы тиімді, бауырлас қарым-қатынасты одан әрі дамытуға күш салады деп ойлаймын. Оған себеп те жоқ емес. Біріншіден, екі мемлекет түбі бір түркі тілдес халықтар. Ал, екінші көршілес мемлекеттер. Үшіншіден, Қырғызстан мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық келісім бар. Бір елге төнген қауіп екінші бір мемлекетке әсер етпей қоймайды. Сондықтан, дәл қазір бір бағытта мүдделі нәтижеге жұмысты одан әрі қарай жалғастыру керек. Енді, Қырғызстандағы саяси жағдай тұрақталады деген сенім мол. Өйткені, демократиялы мемлекет өзінің таңдауын жасады. Халықтың басым дауысы мен сеніміне ие болған Сооронбай Жээнбеков билікке келді. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас елдеріміздің игілігі үшін одан әрі дами түседі деп сенемін»,- Болат Тілеубердиев филология ғылымдарының докторы, профессор.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*