ОҚО-да 9 айда 400 миллиардқа жуық ауылшарушылығы өнімі өндірілген

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізіліп отыр. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбековтың айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айында өңір шаруалары 376,5 млрд. теңгенің өнімін өндірген.  Оның 172 млрд теңгесі мал шаруашылығына, ал 203,5 млрд теңгесі егін шаруашылығына тиесілі болып отыр. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 57 млрд. теңгеге артқан.  Республика көлемінде ауыл шаруашылығы саласында облыстың үлесі 13 пайызды құрап, 2-орынды иемденіп отыр.«Облысымызда ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялардың көлемі 23,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,2 есеге артты. Оның ішінде тамақ өнімдерін өндірудегі инвестиция көлемі 9,3 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есеге ұлғайып отыр.  Сондай-ақ биыл өңірдегі ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 211,4 млн. АҚШ долларына жетті. Ал, импорт көлемі 320 млн. АҚШ долларын құрады», — деді Серік Ордабекұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*