Cозақта әдеп жөніндегі кеңес мүшесі көшпелі кездесу өткізді

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Созақ ауданына жауапты Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры А. Ахметов, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы А. Марасулов Созақ ауданының орталығы Шолаққорған елді мекенінің тұрғындарымен және мемлекеттік қызметшілерімен жиын өткізді. Жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Оразов жүргізіп отырды.Жиын барысында сөз алған Абдулла Ахметұлы пилоттық жобаның мақсатымен таныстырып, Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы құқықбұзушылықтың салдарымен емес, оның себептерін анықтауға бағытталғанын жеткізді.Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңестің міндеттерінің бірі мемлекеттiк қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетiн қалыптастыруға және мемлекеттiк қызметшiлердiң әдепсiз мiнез-құлық жағдайларының алдын алу екендігіне тоқталды. Мемлекеттік қызметшілер немесе мекемелер тарапынан орын алған кез келген құқықбұзушылықтар туралы шағымдарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіктің ОҚО бойынша департаментінің сенім телефонына қалдыруға болатынын түсіндірді.

Созақ аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*