ОҚО әкімі Сарыағаштағы «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС-нің жұмысымен танысты

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев ауданымызға іс-сапармен келді.  Ж.Түймебаев Сарыағаш ауданына іс-сапары барысында Жемісті ауылдық округінде орналасқан «Ынтымақ Бес-Арыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, шаруашылық айналысып жатқан баумен танысты.Ал, «Ынтымақ Бес-Арыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2009 жылы құрылған. Серіктестік басшысы Абдибаев Мұрат Махамаджанұлы. Мұндағы шаруалар 2015 жылдан бастап қарқынды бау егумен айналысады. Қазіргі таңда, тамшылатып суғару әдісі енгізілген.  36 гектар жер аумақта алманың Жерси Мак, Жанжир Голд, Вилямс Прайд, Гала, Голден Делишес, Ред Делишес, Скарлет Спур, Жеромин Гренни Смит, Фунджи, Панк Леди Салтанат түрлері өсірілеіп жатқанын айта кету қажет.

Сонымен қатар, серіктестік жылына 80 млн теңгенің өнімі өндіреді. Ал, бүгінде мұнда 30 жуық адам жұмыспен тұрақты түрде қамтылып, өз отбасыларын асырап отыр. Қазірде серіктестіктегі орташа айлық көлемі  70,0-75,0 мың теңге көлемінде екенін айта кеткен жөн.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*