ОҚО-да «SARSENBILIK SATTI SUHBAT» жобасы жүзеге асырылуда

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болащаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мен ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Іскер әйелдер кеңесімен» бірлесе жастардың бойына тұлғалық қасиеттерді дарыта отырып, бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында арнайы «SARSENBILIK SATTI SUHBAT» жобасы жүзеге асырып жатыр.Осыған орай, жобада табысты бизнеске бағытталған қадамдар мен бақытты отбасының құпиялары, мансаптық өсу ережесі және тұлға ретінде қоғамда қалыптасу бағыттары бойынша сұхбаттар өтеді. Жобаның екінші кездесуі кәсіпкерлік тақырыптарына арналғанын айта кеткен жөн. Арнайы қонақ ретінде «Айкан» сүт өнімдері жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізін қалаушы, директоры Айқан Алмагуль Кудайбергенқызы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Абубакиров Асқар Бегдаулетұлы және Шымкент қаласында 3 компаниясы, 6 әлеуметтік жобасы бар 24 жасар жам кәсіпкер Тохтар Алимбеков келіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Кездесуде жастардың қызығушылықтары мен қазіргі жағдайдағы мүмкіндіктері талқыланып, жеке сұхбаттармен жалғасты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*