Сарыағашта «Ана мен бала» аллеясы ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ауданымызға жасаған іс-сапар барысында Сарыағаш қаласында жаңадан салынған «Ана мен бала» аллеясымен танысты. Айта кету керек, аталмыш демалыс орнының құрылысы аудандық бюджеттің есебінен қаржыландырылған. Жобаның құны  35 миллионнан асады. Аллея Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында салынып отыр. Сарыағаштың көрігіне көрік қосқан тағы бір нысанның қатарын көбейткені сөзсіз. Сонымен қатар, Елбасы мақаласында айтылғандай, аллеяның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, анаға деген құрметті насихаттау, ұлттық салт-дәстүрлерімізді дамыту болып табылады.
Демалыс орнының құрылысын жүргізген мердігер мекеме «Сарыағаш-Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны екенін де айта кету керек. Мекеме басшысы Директоры Секеров Бақтияр Тоймасұлы.

Сонымен қатар, облыс әкімі аралаған екінші нысан – «База — Servis» ЖШС-ң 2,5 га аумақта орналасқан ауылшаруашылық өнімдерін сақтау қоймасы және көкөніс өнімдерін консервілеу цехы болды. Бас директоры Қалтаев Сейдахмет Махаматұлы. Аталмыш серіктестік осы жобаны 2016 жылы бастап, 900,0 млн. теңге өз қаржысы, 300,0 млн. теңге несие алу есебінен, жалпы 1200,0 млн. теңге қаржы жұмсалып, осы жылы іске қосып отыр. Қойманың сыйымдылығы 10 000 тонна, шығарылатын консервіленген өнім айына 60 000 банка болады деп күтілуде. Серіктестікте 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*