Сарыағаштағы сүт фермасы жылына 720 тонна сүт өнімдерін шығарады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Фирма Сакен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүт фермасына барып жұмысымен танысты. Айта кетейік, серіктестік басшысы Байгазиева Шаркул. Сүт өндірумен айналысатын серіктестіктің 2000 жылы негізі қаланған. Қазіргі таңда, мұндағы шаруалар иелігіндегі 1592 га жерде 2642 бас (оның 595 ірі қара, 2047-сі уақ мал) мал бағып отырғанын да айта кету керек.Заман талаптарына сай, нарықтағы бәсекелестікке төтеп беру үшін серіктестік бүгінде озық технологияны қолданып отыр. Соның арқасында саялы Сарыағаш ауданы тұрғындарын сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жылына 720 тонна шамасында сүт өнімдерін дайындайды. Бұл өз кезегінде аймақтағы жұртшылықтың сұранысын біршама қанағаттандырады. Сонымен қатар, серіктестік 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мұндағы жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 50,0 мың теңге. Яғни, Сарыағаш ауданындағы орта және шағын кәсіпкерліктің де көкжиегі кеңге жайылып келеді деуге әбден болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*