Қазығұртта «Сиқырлы би өнері» атты семинар-кеңес өтті

Оңтүстік Қазақстан облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығы, Қазығұрт аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің  ұйымдастыруымен аудандық мəдениет үйінде  би өнерін дамыту, би  жетекшілеріне қолдау көрсету, бағыт — бағдар беру, би өнерінің озық іс — тәжирбиелерін насихаттау жəне шығармашылығын шыңдау, білім деңгейін көтеру мақсатында  «Сиқырлы би әлемі» облыстық семинар – кеңес өтті.Облысқа қарасты аудан, қалалардың мəдениет үйлеріндегі би ұжымдары мен би үйірмелерінің жетекшілеріне арналған басқосу Қазығұрт аудандық «Таңшолпан», «Жұлдыздар» би топтарының концерттік бағдарламасымен  бастау алып, шараны облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының Халық шығармашылығы бөлімінің жетекшісі Мұрат Нұрмағанбетов құттықтау сөзбен ашып берді.
Семинар барысында М.Əуезов атындағы ОҚМУ «Өнер» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Тілеубаева Балжан Сейдраманқызы «Халықтық-сахналық билердің ерекшеліктері» тақырыбында баяндама оқып, би билеу кезіндегі қимыл-қозғалыстар жайында мағлұмат беріп, пікір алмасты.
«Сиқырлы би əлемі» облыстық семинар-кеңесі аясында «Халық билерінің негізгі қимылдары» тақырыбындағы шеберлік сабағын М.Əуезов атындағы ОҚМУ «Өнер» кафедрасының аға оқытушысы Крылова Ольга Владимировна жүргізді.
Семинар-кеңесті аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы С.Ерімбетов қорытындылап , шараны өткізуге атсалысқан университет мамандары мен студенттерін  бөлім басшысының алғыс хатымен марапаттады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*