ОҚО-да тұңғыш рет романс орындаушылары халықаралық байқауы өтті

Оңтүстік Қазақстан лблыстық мәдениет басқармасы, «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газеті және славян ұлттық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында «Қазақ романсиадасы» романс орындаушыларының аймақтық ашық байқауы биыл ХX -шы рет өткізілді.Бүгінде Орта Азия көлеміндегі өнер сүйер жұртшылыққа танымал додаға айналған романсиада байқауы қазақ романстары мен қазақ академиялық вокалдық музыкасын насихаттауға да кеңінен жол ашты.
Биылғы жылы байқауға Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттері мен еліміздің барлық облыстарынан 50-ге жуық үміткер қатысып, өз өнерлерін көрсетсе, қазылар алқасының шешімімен  XX «Қазақ романсиадасы-2017» байқауының жеңімпазы облыстық опера және балет театрының əншісі Бекзат  Садыковқа берілді.
Шымкенттіктердің бұл жеңісі халықаралық романс орындаушылар байқауы тарихында тұңғыш рет орын алды.
Байқауға Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, Еңбек сіңірген өнер қайраткері Преображенская Галина Сергеевна, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, профессор Абилов Шахимардан Қайдарұлы, Халықаралық байқаулардың лауреаты Енкебаева Береке Аскербекқызы, Өзбекстан Республикасының халық әртісі Раджабов Аваз Акбарович, Қырғызстан Республикасының халық әртісі Орузбаев Керимкул Кайбылбаевич, Қазақстан Республикасы Халықтар достығы Ассамблеясының мүшесі Кирюхин Юрий Георгиевич, Халықаралық байқаулардың лауреаты Азатова Айгүл Азатқызы қазылық еткен болатын.
Сонымен қатар,  құрметті қонақ ретінде «Романсиада» Халықаралық байқауының жүргізуші концертмейстері Оксана Петриченко (Мәскеу қаласы, Ресей), «Романсиада» Халықаралық байқауының лауреаты Энхбат Тувшинжаргал (Улан-Удэ, Моңғолия), «Қазақ романсиадасы-2016» Халықаралық байқауының Гран-При жеңімпазы, Мәскеу қаласындағы Романисада Халықаралық байқауының лауреаты Бекзод Давронов (Ташкент, Өзбекстан), Халықаралық байқаулардың лауреаты, «Романсиада-2013» Халықаралық байқауының жеңімпазы Эмиль Сакавов (Алматы, Қазақстан), Харықаралық байқаулардың лауреаты, «Романсиада-2009» Халықаралық байқауының жеңімпазы Карагоз Абдушарипова (Шымкент, Қазақстан), Ресей серіктестігі төрағасының орынбасары, Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығының Консулы Переверзева Ирина Владимировна арнайы шақырылып, гала-концертті тамашалады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*