Түркістандық Дидар Хамзабек қолаға қол жеткізді!

Кәрі құрлықтағы Хорватия елінде жүзден астам мемлекет спортшылары қатысқан дзюдо күресі бойынша жастар арасындағы әлем чемпионатынан сүйінші хабар жетті ағайын! Түркістанның тумасы, Рио олимпиадасының қатысушысы Дидар Хамза 73 келі салмақ дәрежесі бойынша қола жүлдегер атанды.  «Дидардың жетістігін бұдан жоғары болуы мүмкін еді. Алайда, соңғы жарты жыл көлемінде жарақатына байланысты жаттығуларын өз дәрежесінде өткізе алмады», — дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Д.Тәңірбергенов. Болашағынан мол үміт күттіретін жас спортшы бабына келмесе де бұл чемпионатта өзінің мықтылығын тағы бір дәлелі екенін айта кету қажет. Жас Дзюдошының бұл тырнақ алды жеңісі деп біледі жерлестері. Оның үстіне, өз салмағында әлемнің үздік үштігінің қатарынан орын алатын Дидардың жеңісін түркістандықтаржерлестері көк күмбезді көне, киелі шаһардың тойына тарту болды деп бағалап отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*