Мақтааралда спорт түрлерінен студенттік және мектеп лигалары ашылды

Мақтарал ауданының әкімі Ғалым Исмаиловтың, аудан прокуроры Нұрғали Асқанбековтың және аудандық ішкі істер басқармасының бастығы С.Шалқаровтың бірлесе бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес, жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, оқудан тыс бос уақыттарын тиімді пайдалануды насиxаттау мақсатында Атакент кентіндегі «Алпамыс батыр» стадионында спорттың кіші футбол, волейбол және үстел теннисі түрлері бойынша студенттік және мектеп лигаларының ашылу салтанаты өтті.Сонымен қатар, іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы мен аудандық прокуратураның аға прокуроры Дәурен Шырынбекұлы қатысып, жас спортшыларымызға сәттілік тіледі.Айта кету керек, жоғарыда аталған спорттық лигалар аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, аудандық Дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық Білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен оқу жылының соңына дейін жалғасып, лигаға 2400-ге жуық мектеп оқушылары мен 200-ге тарта студент жастар қатысатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*