Оңтүстік Қазақстанда төрт басқарма қайта құрылады

Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы уақытта басқару схемасын жүйелндіру мақсатында төрт басқарма қайта құрылатын болады. Бұл туралы бүгінгі өткен алтыншы шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының  кезектен тыс он бесінші сессиясында мәлім болды.

Тарқатып айтар болсақ, өңірдегі туризмді тиянақты дамыту және облысқа тартылатын сыртқы инвестицияның көлемін арттыру мақсатында «Туризм және сыртқы байланыстар», Елбасының әлеуметтік-экономикалық дамуды цифрландыруға көшіру бастамасын орындау және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру үшін «Ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер», отбасы құндылықтарын дәріптеу, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Отбасы, балалар мен жастар істері жөніндегі» және мәдениет пен ана тілді, сондай-ақ, облыста тұратын этнос өкілдерінің тілдерін жүйелі түрде дамыту үшін «Мәдениет және тілдерді дамыту» басқармалары қайта құрылады.

Сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев құрылатын басқармалар  басқару жүйесін оңтайландырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз септігін тигізетінін атап өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*