ОҚО әкімі: Туризмді дамытуды мықтап қолға алуымыз керек

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының  кезектен тыс он бесінші сессия жұмысына облыс әкімдіктің мүшелері мен аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, қала және аудан әкімдері, құқық қорғау органдарының, облыстық аумақтық департаменттер мен басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Облыстың басты табыс көзі ол егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, өндіріс,  құрылыс,  сондай-ақ туризм салалары. Яғни, осы туризм саласын ары қарай дамытуымыз керек. Сондықтан да туризм және сыртқы байланыстар басқармасын  кәсіпкерлік басқармасынан шығарып отырмыз. Жалпы  дүниеде көптеген мемлекеттерде туризм сол елдің экономикасына жақсы кіріс келтіруде. Тек қана Түркия Республикасының  өзінде жылына туризмнен  40 млрд. АҚШ доллар болатын кіріс кірген. Ал енді Оңтүстік туристер үшін тарихи ескерткіштер мен киелі  жерлердің отаны десек, осы салада бірлесе жұмыс атқарып, туризмді дамытуды мықтап қолға алуымыз керек»,-деді әкім. Мәслихат сессиясының күн тәртібінде бұдан бөлек, 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджетке  өзгерістер мен толықтыру енгізу, Шардара  қаласының  және  Қауысбек  Тұрысбеков  ауылдық  округінің  шекараларын  өзгерту,облыста орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларға атау беру және қайта атау туралы ұсыныстарды Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу, ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесi сынды 13 мәселе қаралды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*