ОҚО-да латын әліпбиіне қатысты ашық сабақтар өтті

Оңтүстік Қазақстан облысының мектептерінде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елордамызда таныстырылған латын әліпбиінің соңғы үлгісін таныстыруға бағыттылған ашық сабақтар өтіп жатыр. Мұндағы басты мақсаты мектеп оқушыларына мен ата-аналарға латын әліпбиін игерудің оңтайлы жолдарын көрсету болып табылады. Сонымен қатар, ашық сабақтарда педагогтер мен танымал филологтер, оқушылар, ата-аналар қатысқанын айта кеткен жөн.

«Жаңадан ұсынылған латын әліпбиінің апострофтарда берілгені диграфтардан қарағанда жеңіл есте қалатындығы және оқу барысында оңайлығымен бөлісті. Мұның барлығы жалпыхалықтық талқылаудың толымды нәтижесі» дейді Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның мұғалімі Марфуға ӘБУТӘЛІПҚЫЗЫ.

Жиында ең алғаш болып сөз алған «Ақиқат» пікір-сайыс клубының төрағасы Жұман Жансерік, Елбасының алдында таныстырылған үлгінің тиімділігі және ыңғайлығына тоқталып өтті. Сонымен қатар, Еліміздің қайта түлеуіне бағытталған көлемді мақалада айтылған бастамаларды алдағы уақытта жұмыла жүзеге асыруға бел байлаған кітапханашылар, семинардан жігерленген күйде тарқасты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*