Қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселе шешілді

«ДОС» Қазақстанның жас ғалымдар одағының төрағасы Дінмұхамед Сапарұлы, айыр қалпақты ағайынмен арадағы қатынас жайлы өз пікірін жеткізді.

«Саяси мансабында Сооронбай Жээнбеков Қырғызстанның премьер-министрі лауазымын ғана емес, сонымен бірге Ош облысының әкімі болған. Қырғызстан Президенті билікке келгеннен кейін «Біз ынтымақтастықта жұмыс жасайтын барлық мемлекеттерді және барлық мемлекеттердің президенттерін құрметтейміз! Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра береміз», — деген болатын.Қырғыз елінің жаңа президенті өз сөзінің айқын дәлелі ретінде жақында ғана екі ел үкімет басшыларының келіссөзін айтуға болады. Бұл басқосу қазақ-қырғыз қатынасына сызат түсіргісі келген бәзбір азаматтарға, қоғамда тарап кеткен қаңқу бос сөзге нүкте қойғандай болды. Келіссөздердің нәтижесі де жаман емес. Соның арқасында қазірде шекара мәселесі оң шешімін тапқанын айта кеткен жөн. Енді, екі ел бәз баяғы сауда, транспорт, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау салаларындағы өзара іс-қимылды еш кедергісіз жалғастыра алатын болды. Келелі басқосудан екі мемлекеттің азаматтары да осы оң нәтижені күткен болатын. Үміт ақталды»,- деді ол.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*