ОҚО әкімі ақын, халық жазушысы Мұхтар Шахановпен кездесті

Биыл ақын, аудармашы,  қоғам қайраткері  Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов 75 жасқа толып отыр. Осы даталы мерекеге орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ақынмен арнайы кездесіп, мерейлі мерекесімен құттықтады. 

Сонымен қатар, кездесу барысында өңір басшысы халық жазушысының қазақ әдебиетіне қосқан сүбелі үлесін ерекше атап өткенін айта кеткен жөн.

 «Сізді өткен ғасырдан жақсы танимыз. Біз сіздің өлеңдеріңізді оқып өстік. Әлі есімде 1986 жылы Мәскеуде өткен шығармашылық кешіңізге де куә болған едім. Сол жылдары Мәскеудің төрінде жеке кеш өткізуіңіздің өзі үлкен ерлік еді. Одан кейінгі жылдары Желтоқсан оқиғасына байланысты талай бастамалар көтеріп, халықтың мәселесін  жеткізіп жүрдіңіз. Бұл сіздің тек ақындығыңыз ғана емес, адами отансүйгіштік қасиетіңіздің айқын көрінісі. Сіз Оңтүстіктің мақтанышысыз, біз сізбен мақтанамыз, қазақ әдебиетінің абызы ретінде елімізге орасан зор еңбек сіңіріп келесіз», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*