Шымкентте Мұхтар Шахановтың 75 жылдығына орай «Әлем таныған ақын» атты көрмесі өтті

Ақын, халық жазушысы Мұхатр Шаханов шығармаларының негізгі тұғырнамасы – адамдық пен  адалдықты, әділдікті, тазалықты асқақтату арқылы  ездікті, арамдықты, зұлымдықты адамзат баласының болмысына қарсылықты қасиеттер ретінде әшкерелеу болып табылады.

Сонымен қатар, қазақ әдебиеті мен өнерінің дамуына сүбелі үлес қосқан ақынның «Эверестке шығу», «Жалын», «Достық өлкесінің заңы»,  «Өркениеттің адасуы», «Шыңғысханның пенделік құпиясы» атты шығармалары еліміздің таза ұлттық рухынан тыныс алған күрделі туындылар ретінде әлем әдебиетінің қатарына қосылғаны баршамызға белгілі.

Айта кетейік, бүгін  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында  Жұмат Шанин атындағы облыстық академиялық  қазақ  драма театрында ақынның 75 жылдық мерейтойына орай «Әлем таныған ақын» атты  шығармашылық кеші ұйымдастырылды. Мұнан өзге, театрдың  фоэсіне Мұхтар Шахановтың 75 жылдық  мерейтойына арналған «Әлем таныған ақын» атты  көрме орнатылып, оған  ақынның кітаптары мен ақын жайындағы зерттеулер мен  естелік мақалалары қойылғанын айта кету керек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*