ОҚО-ның бас экономисті бюджет қаржысының қай бағыттарға бөлінетінін айтып берді

Оңтүстік Қазақстан облысының 2017-2019 жылдарға арналған өңірлік бюджетті нақтылау бойынша баяндама жасаған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.Сабитов өңір бюджетінің қандай бағыттарға бөлініп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жалпы бөлінген қаржының 1 млрд 189 млн теңгесі білім беруді дамыту және білім беру ұйымдарын күтіп-ұстауға, ал денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасы мен денсаулық сақтау саласын дамытуға 705,2 млн. теңге бағытталған.

«Ауыл шаруашылығы тауар өндірушідерінің тұқым және асыл тұқымды мал алуға өтінімдерінің ұлғаюына байланысты жалпы 1,7 млрд. теңге субсидия жоспарлануда. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым саласы бойынша 3 нысанның құрылысын жалғастыруға 443,5 млн. теңге қарастырылуда. Жылумен қамтамасыз ету саласы бойынша 1 нысанның құрылысын жалғастыруға 100 млн. теңге көзделуде. Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 4 нысанның құрылысын жалғастыруға және 2 нысанның құрылысын аяқтауға 1,2 млрд. теңге. Электрмен қамтамасыз ету бойынша 13 нысанның құрылысын аяқтауға және 1 нысанның құрылысын жалғастыруға 390,9 млн. теңге бағытталуда. Табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 11 нысанның құрылысын жалғастыруға және 3 нысанның құрылысын аяқтауға жалпы 3,1 млрд. теңге жоспарлануда. Облыстық және аудандық маңызы бар 6 автомобиль жолдарынының жөндеу жұмыстарына және 9 нысанның ЖСҚ-н аяқтауға 510,3 млн. теңге бағытталуда», — деді басқарма басшысы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*