ОҚО-да жалпы өңірлік өнім көлемі 3 миллиардтан асқан

ОңтүстікҚазақстаноблысындажалпыөңірлікөнімкөлеміжылсайынартыпкеледіБиылғы жылдың бірінші жарты жылдығында облыста жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340,5 млрд. теңгені құрап, 2,7 пайызға артты. Бүгін бұл туралы облыс әкімдігінің кезекті мәжілісінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті.Басқарма басшысы жыл соңында жалпы өңірлік өнім көлемі  3 014,5 млрд. теңгені құрайтындығын жеткізді. Осылайша Оңтүстік Қазақстан облысы республика көлемінде өсім бойынша 5- орынға тұрақтамақ. Ал, өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі  410,8 млрд. теңгені құрап, 2,1 пайызға  артқан. Алайда өнеркәсіп өнімі бойынша индикатордың орындалмау қауіпі бар.  Жылдық жоспарды қамтамасыз ету үшін өнім көлемін 850 млрд. теңгеге жеткізу қажет. Алайда Шымкент қаласы мен   Бәйдібек, Отырар аудандарының индикаторлары жылдық жоспардан артта қалуда. 

«Қазіргі кезеңде соңғы 9 айда өнеркәсіп өнім көлемі 605 млрд. теңгені құрауы қажет болатын.  Алайда  9 айдың қорытындысымен өнім көлемі  599,2 млрд. теңгеге жетіп отыр. Бұдан бөлек, өңірімізде тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің әрекет ететін нысандарының үлесі 83 пайызды құрап, индикатордың орындалмау қауіпі бар.  Соңғы 9 айда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 213 419 болса, олардың 36 796 әрекет етпейді. Оның ішінде ең жоғары деңгей Шымкент қаласында тіркеліп отыр. Яғни қаладағы 21 815 шағын кәсіпкерлік нысандарының  жұмысы  тоқтап тұр», — деді Арман Сәбитұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*