Амангелді Артықов: Біз қырғыз кәсіпкерлерімен тығыз байланыстамыз

Алмасбек Атамбаевтың қазақ билігін жалған айып тағуға тырысқан пікірі, қос бауырлас ел арасынағы ынтымақтастыққа сызат түсіре алған жоқ. Бұндай пікірді бүгінде зиялы қауым өкілдері айтып отыр. Ақын, жазушы, ғалымдарымыздың айтуынша қазақ-қырғыздың ғасырларға ұласатын тарихы бар. Дәстүрі мен діні, тілі ұқсас, қыз алысып, қыз беріскен құдандалы, бауырмал халықтар. Сондықтан қазірде қос елдің алыс-берісі де жоғарғы дәрежеге көтерілген. Бұл жөнінде кәсіпкерлеріміз де айтып жүр.

«Менің ойымша, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан бауырластық қарым-қатынас екі елдің Үкімет басшылары ресми жолығып, келісімдерге қол қойғаннан кейін одан әрі беки түседі. Біз қырғыз кәсіпкерлерімен тығыз байланыстамыз. Үнемі тәжірибе алмасып, достығымызды арттырып халықаралық бизнес форумдарда бірге боламыз. Олардың қазақстандық кәсіпкерлерге деген көңілі ақ, құрметі шексіз. Сол себепті, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың куәгері ретінде, болашақта да ешбір күмәнсіз достығымыздың жалғасатындығына сенімім мол»,- дейді «ARD» компаниясының Басқарушы Директоры Амангелді Артықов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*