Шымкентте «Сити-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің асфальт, бетон зауыты іске қосылды. Жобаның құны 350-360 миллион теңге ге бағаланып отыр. Өндіріс орнының іргетасы 2015 жылы қаланып, осы жылдың қыркүйек, қазан айларында толық қуаттылығына шығып, өнім өндіре бастаған. Қазіргі таңда, зауыт бір сағатта 100 тонна асфальт пен 60 куб бетон шығара алады. Зауыттың заманауи құрылғыларын Түркиядан алдырыпты.«Қазір шетелден әкелінген жабдықтарда жергілікті тұрғындар жұмыс істеп жатыр. Әзірге бір кезеңмен жұмыс істеп отырмыз. 5 адамды жұмысқа қабылдадық. Ал, асфальттің 4-5 түрін шығарудамыз. Заманауи құрал жабдықтардың арқасында өндіріс кезінде экологияға зиян келтірмейміз» дейді зауыт директоры Фахриддин Ахметов.Иә, қазірде зауыт «Сити-Строй» компаниясы облысымызда салып жатқан құрылыс нысандарын асфальт, бетонмен қамтамасыз етіп отыр. Болашақта, өндірілген өнімді сатуға шығаруды да жоспарлауда. Сонымен қатар, өндіріс орнына жеткізілетін шикі заттар да өзімізден алынады. Мәселен, асфальтке қосылатын битумды Төлеби ауданынан жеткізсе, оған қосылатын тастар компанияға қарасты карьерден әкелінеді.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте коммуналдық қызмет құны қанша пайызға төмендейтіні белгілі болды
Елбасы тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында 2019 жылдың қаңтар айынан бастап коммуналдық қызмет бағасы арзандайды, — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап. Еліміздің үшінші мегаполисінде газ, жарық, ауыз су, жылу, кәріз жүйелерінің қызмет […]
Шымкентте спорт мектептері жұмысын қайта бастады
Шымкентте спорт мектептері мен спорт секциялары жұмысын қайта бастайды. Спорт объектілері қызмет көрсетуге кіріспес бұрын мына талаптарды қатаң ескеруі керек: — кіретін жерде жұмыскерлердің дене температурасын бақылау; — температурасы жоғары және инфекциялық ауру белгілері бар […]
ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БОЙЫНША КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ТЕКСЕРІСТІ БАСТАП КЕТТІ
Мемлекеттік қайтарымсыз гранттың үшінші легінде «Business.enbek.kz» порталына жалпы саны 1780 азаматтан өтініш түскен. Бүгін үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия отырысы басталды. 25 қыркүйектен 5 қазан аралығында өтеусіз қаражат алуға ниетті азаматтар өздерінің жаңа бизнес -жобаларын […]
Пікір қалдыру