Абай Андабаев: Ғасырлар бойы жалғасқан екі жақты байланысты Алмазбек Атамбаевтың да мәлімдемесі үзе алмайды

Көрші қырғыз елінің президенті Алмазбек Атамбаевтың қазақ билігін жалған айып тағуға тырысқан пікірі, қос бауырлас ел арасынағы ынтымақтастыққа сызат түсіре алған жоқ. Бұндай пікірді бүгінде зиялы қауым өкілдері айтып отыр. Ақын, жазушы, ғалымдарымыздың айтуынша қазақ-қырғыздың ғасырларға ұласатын тарихы бар. Дәстүрі мен діні, тілі ұқсас, қыз алысып, қыз беріскен құдандалы, бауырмал халықтар. Сондықтан қазірде қос елдің алыс-берісі де жоғарғы дәрежеге көтерілген. Бұл жөнінде қоғамдық ұйымдардың өкілдері де өз ойларымен бөлісуде.

«Қазақстан мен Қырғыстан келешекте өзара қарым-қатынастарының ары қарай дами түсетініне екі елдің сарапшылары сенім білдіріп отыр. Екі ел арасында сауда-экономикалық келісім бар. Қазақстанның оңтүстік егін алқабы Нарын ГЭС-інің суымен қамтамасыз етілсе, Қазақстан кырғыз еліне электр энергия, көмір және мазут беріп отыр. Бұдан басқа, Қазақстанның Ыстықкөл жағалауында өз пансионаты бар. Ғасырлар бойы жалғасқан екі жақты байланысты Алмазбек Атамбаевтың да мәлімдемесі үзе алмайды. Себебі, тамыры тереңге жайылған, тарихы ортақ  екі мемлекеттің достығы мәңгілік»,- Абай Андабай «Бізбен бірге» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*