Айгүл Әлішер: Қырғызстан мен Қазақстан қарым-қатынасы ресми түрде жақсы дамыған

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың айтқан уәжіне қатысты Оңтүстіктің жастары да өз ойларын білдіруде.

«. Көлік транзиті, еңбек көші-қон мәселесі де жолға қойылған. Екі ел арасындағы байланыстың одан әрі дамығанын кешегі екіжақты үкімет басшыларының келіссөзінен аңғару қиын емес.  Шекарадағы еркін қатынасты қамтамасыз еткен осы жолғы келіссөз өз миссиясын орындады. Жалпы мен Қазақстан азаматы ретінде екі мемлекеттің арасына сызат түсіргісі келетін бәзбір азаматтардың әрекетін түсінбеймін. Жалған не арам пиғылдағы әрекеттер мен еспе әңгімелер ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан қазақ қырғыз қатынасына едәуір нұқсан келтіре қоймасы анық. Қайта екі мемлекеттің бірлігін бекемдеп, ынтымағын нығайтуға үлес қосу қажет. Қырғыздың жанашыры қазақ, ал қазақтың жанашыры қырғыз халқы екенін жадымыздан шығармауымыз қажет»,- дейді Қазақстанның Жастар Конгресінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалының басшысы Айгүл Әлішер.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*